Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мал ұрлығына тосқауыл болмай тұр

c 18:02, 16/07/2018 c 907

0:00 / 0:00

БҚО-да жыл басынан бері 151 мал ұрлығы фактісі тіркеліпті. Дегенмен тәртіп сақшылары бұл тұрақты жүргізілген жұмыстардың арқасында 14 пайызға дейін төмендеген көрсеткіш деп мәлімдеп отыр. Әсіресе мал ұрлығы аймақтың Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Теректі аудандарында өршіп тұрған көрінеді. Ұрлықтың ашылмауы-тұрғындарды ашындырып отыр. Арнамызға шағымданған Шыңғырлау ауданының тұрғыны ақ адал баққан малынан айрылып, бір түнде жер сипап қалғандардың бірі.

Жаңыл Итулина Шыңғырлау ауданының тұрғыны. Ауылдық жерде мал ұрлығының ашылмауы-тұрғындарды ашындырып отыр дейді азаматша. Шағымданушы өзінің 6 бас жылқысының бір түнде ізім-қайым жоғалғанын айтады. Бірақ қанша жерден іздеу салып, тіпті полиция бөлімшесінің табалдырығын тоздырса да қамбар ата төлін көрдім-білдім дегендер болмаған. Бұл жерде Жаңыл Итулина учаскелік полиция жұмысына көңілі толмайтынын айтып, әділдік іздеп қалаға келіпті.

Мал ұрлығының өршуіне қылмыстардың ашылмай, ұрлықшылардың оңай олжаға еттері үйренуі себеп болса керек. Ауылдық жерде 5 бастап жоғалып жатырған малдың табылмауы-еріксіз осындай ойға батырады дейді тұрғындар. Дегенмен тәртіп сақшылары облыста мал ұрлығы биыл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға азайды деп мәлімдеп отыр. Және көп жағдайда мал иелерінің өздерін салғырттығы үшін кінәлайды
-"Мал ұрлығының ашылу көрсеткіші 76 пайызды құрайды. Негізінен зардап шегушілердің мал ұрлғы жөнінде кеш хабарлауынан қылмысты ашу қиындап жатады. Алдымен олар өз күштерімен іздеп, тауып алуға тырысады. малды таба алмасына көзі жеткізін барып, бізге арыз түсіреді. Бұл кезде ұрлықшылардың ізін кесу оңай болмайды",-дейді БҚО ІІД ЖПҚ бөлімше бастығы Сергей Киселев.

Өткен жылы 176 мал ұрлығы тіркелсе, биыл сондай кезеңде 151 факті анықталыпты. Әсіресе, Бөрлі, Жәнібек, Казталов, Теректі аудандарында ұрлық-қарлұқ өршіп тұр.
-"Тұрғындар малдарын ЖИПИЭС құрылғысымен бақылап, құлақтарына сырға салуы керек. 151 жайттың 94інде мал өрісте қараусыз жағдайда жайылып жүрген кезде жоғалған. тек 57 жағдайда қорадан жоғалған",-дейді БҚО ІІД ЖПҚ бөлімше бастығы Сергей Киселев.

Мал ұрлығы қылмысты болдыртпас үшін атқарушы органға көрсетілген қаржылық қолдаудың көмегі тиюде. Жарты жыл бұрын ауылдық жердегі учаскелік инспекторлар қызметтік көлікпен қамтылған болатын. 6 айда көлік беткетінде 2700 көлік тексеріліп, 42 заңсыз мал тасымалы анықталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.