Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Мәдени квест-2018"

c 17:00, 24/05/2018 c 813

0:00 / 0:00

Орал қаласында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған "Мәдени квест-2018" шарасы болып өтті. Жылдағыдан ерекше форматта өткен шараға 2 мыңдай адам қатысып, мәдениет қызметкерлері бұл күннің меймандарына айналды. Мәдениет және демалыс саябағында тойланған мерекеде өнер майталмандарына айрықша құрмет көрсетілді.

Аталмыш мереке 2014 жылдың 21 мамырынан бері ел президентінің жарлығымен жыл сайын тойланып келеді. Жылдағыдан ерекше жасанған саябақ келушілердің көңілінен шықты. Уақыттың сиқыры мен ғажайыптарына арналған театрландырылған қойылым көрсетіліп, шағын пойызға мінген жолаушылар аллеяларды аралады. Шаған өзені үстіндегі қайықтарда құттықтаушылардың шеруі қойылды.

Талант аллеясында қолөнер туындыларымен қылқалам және фотосурет шеберлерінің туындылары қойылған.

Жылдағыдан ерекше форматта өткен шараға 2 мыңдай адам қатысып, мәдениет қызметкерлері бұл күннің меймандарына айналды. Мәдениет және демалыс саябағында тойланған мерекеде Мәңгілік мәдениет, ескірмейтін естеліктер, Экскурсия сынды түрлі аллеялар жасақталған.

Тілектерін қағаз бетіне түсірген мәдениет, өнер саласының қызметкерлері мен мереке қонақтары қағаз қайықтарын суға жіберді. Өнер майталмандарының басын қосқан шара Ақжайық өнерпаздарының концертімен тәмамдалды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.