Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да "Рухани жаңғыру" институты жұмыс жасауда

c 20:11, 27/06/2018 c 1366

0:00 / 0:00

ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы жоғары оқу орындарында қалай жүзеге асырылып жатыр? М.Өтемісов атындағы БҚМУ атқарылған жұмыстардың есебін берді. Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім ордасы латын қарпіне көшу, "Туған жер" жобасы шеңберінде жасалған ғылыми-танымдық жұмыстар жөнінде мәлім қылды.

Президенттің "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласы 2017 жылдың 12-сәуірінде жарық көрген болатын. Бағдарламаны жүзеге асыруда білім беру саласының қосар үлесі ауқымды. Мәселен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-де осы мақсатта арнайы тұжырымдама дайындалып, "Жол картасы" қабылданған. "Рухани жаңғыру" тақырыбында 100-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала, 10-нан астам монография жарық көрген.

Бағдарламадағы негізгі бағыттардың бірі-"Қазақ тіліндегі жазуды латын әліпбиіне көшіру" жобасы. Оқу орнының лингвист ғалымдары жобаның іске асуына ғылыми-әдістемелік жағынан атсалысып, әдістемелік құралдар дайындау қолға алынуда. Былтыр қыркүйек айында аталмыш бағыттағы жұмыстарды жүйелі ұйымдастыру үшін "Рухани жаңғыру" институты ашылған болатын.
Ал "Туған жер" бағдарламасы бойынша ғылыми-танымдық экспедицияларға білім ордасының оқытушылары мен студенттері белсенді қатысып, "Қазақстанның 100 киелі мекені" тізіміне енген орындарға тәжірибесі мен жетістігі мол зерттеу сапарлары ұйымдастырылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.