Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылысы бітпеген "сақалды" құрылыстар қайта салынбақ

c 17:30, 17/11/2021 c 1409

0:00 / 0:00

Оралдағы он жылдан аса уақыттан бері құрылысы тоқтап тұрған бірнеше нысан қайта салынбақ. Бұл туралы БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдері мәлімдеді. Ке­зінде әжептәуір жоспармен басталған бұл нысанның қазір қалқиып қабырғасы ғана тұр. Орталық көшенің қақ ортасына орналасқан көп қабатты ғимараттың әлеуметтің қаже­тіне жарамай, жарты жолда қаңтарылып қалуы да көпшілік үшін түсі­ніксіз. Сол себепті оралдықтар осындай сұрықсыз сақалды құрылыстар өзге нысанға айналса дейді.Белгілі болғандай көп қабатты үй құрылысына инвесторлар қызығушылық танытқан көрінеді.  Жалпы, өңірде құрылысы бірнеше жылға созылған нысан бір ғана бұл емес. БҚО ПД жанындағы мына ғимарат 2007 жылдан бері аяқсыз тұр. Атап айтқанда «Астана Недвижмость» компаниясы бастаған ісін соңына жеткізбеген. Бастапқыда 10 қабатты тұрғынжай болуы тиіс нысанға өзге инвестор қаржы құймақ. Енді бұл «сақалды» құрылыс көп ұзамай келбеті келісті Жайық жағалуындағы жайлы тұрғын үйге айналмақ. Мамандардың айтуынша, құрылыс саласындағы басты мәселенің бірі - са­па талаптарының дұрыс бақыланбауы екен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.