Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Құрылғылар келді

c 17:50, 21/07/2020 c 655

0:00 / 0:00

Бүгін БҚО -на "Даулеттен" және "Айдың нұры" қоғамдық қорлары арқылы жеткізілген оттегі концентратторы емдеу мекемелеріне берілді. Осыдан біраз уақыт бұрын ауыр халдегі отандастарының жағдайына алаңдаған белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мұрындық болып, адам өмірін ажалдан құтқаратын аппаратты Түркиядан сатып алу үшін қаржы жинаған болатын. Асарлатып жиналған қаражаттың есебінен оттегі концентраттарын сатып алған еді. Енді міне қажетті құрылғы Оралға табан тіреді. Жалпы БҚО -на бес құрылғы келген. Оның екеуі Сырым ауданына жіберілсе, Ақжайық ауданына қарасты Чапай ауылы мен Облыстық ауруханаға табысталды.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандықтар асарлатып, вирустың кесірінен демала алмай, ажалмен күресіп жатқан науқастарға арналған оттегі концентраттарын сатып алу үшін қаражат жинады. Осы игі істі қазақстандықтардың барлығы дерлік қолдаған болатын. Құрылғыларды Түркиядан "Айнұрдың нұры" қоғамдық қоры сатып алып, "Даулеттен" қоры елімізде таратып жатыр. Бүгінде өңірмізге қос қордан 5 құрылғы келді.

Адам өмірін ажалдан құтқаратын құрылғыларды қабылдап алған облыстық аурухананың бас дәрігері жомарт жандарға алғысын білдіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, облыстың кәсіпкерлері өңірдегі кеселмен күресіп жатқан емдеу мекемелеріне 160 оттегі концрентратторын сатып алып, сыйлаған болатын. Бұған қоса жекелеген кәсіпкерлер де қазір тапшы болған аппараттарды өз қаржыларына алып беріп, медицина қызметкерлеріне көмектесіп, адам өмірін ажалдан арашалап қалу үшін атсалысып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.