Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Көшбасшы жолы. Астана"

c 13:51, 18/12/2018 c 637

0:00 / 0:00

Тәуелсіздік мерекесінде патша көңілді көрерменнің назарына "Көшбасшы жолы. Астана" атты кинотуынды жол тартты. Бұл тарихқа толы туынды азаттық алған қазақияның қиындықтарға мойымай, батыл да көреген шешім қабылдағанынан сыр шертеді. Киноның сценарийі тарихқа негізделген.Тәуелсіздікті алу қандай қиындыққа соққандығы белгілі. Алайда, талайдың қанымен келген тәуелсіздікті алып, барша әлемге жариялағаннан соң, еліміздің экономикасын дамыту мен оны көркейту жолында да бірталай қиындықтар туындады. Осы қиындықтарға қарамай, Елбасы астананы Алатаудың баурайынан Арқаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Бұл шешімді сынға алған жандар көп еді.

Түрлі қиындықтарға қарамастан болашақ үшін қабылдаған шешім батылдық пен қайсарлықты талап етті. Кинотуындыны облыстың ардагерлері, қазіргі таңда ел үшін қызмет жасап жүрген жандар мен ел ертеңі жастар тамашалауға келді. Олар туындыдан алған әсерімен былай деп жеткізді.

Бүгінде, жиырмаға толған Астанамыз жыл санап дамып, көрейік келеді. Еліміздің басты шаһары Елбасының тырнақ алды туындысы. Тәуелсіздіктің ерекше символына айналған Елорда бейбіт елдің астанасы ретінде талайдың таңдайын тақтыртып, аз уақыттың ішінде халықаралық шараларды ұйымдастырылып, татулықтың ордасына айналды. Бұл да бір азаттықтың бір парасы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.