Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоршаған ортаны қорғайық

c 15:45, 16/05/2020 c 781

0:00 / 0:00

Ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізіп отырған  зияны орасан. Ауаға тараған зиянды қалдықтар жайында әлі де болса толық мәлімет ашық айтылмайды. Енді жаңа Экологиялық Кодекске  мұның бәрін ашық жариялайтын норма енгізілмек. Яғни кәсіпорындардан ауаға тарап жатқан зиянды қалдықтардың мониторинг жасалатын болады.  Бұл жайында бүгін өткен онлайн брифингте экология, геология  және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов  мәлімдеді. Ол экологияға тигізген зиян үшін жауапқа тарту қатаңдатылады деді.

Жаңа Экологиялық Кодексте қоршаған ортаға әкелген зиян үшін жауапқа тарту қатаңдатылып отыр. Осыған дейін тек өз пайдасын ғана ойлап, ауаны ластап келген ірі кәсіпорындар үшін экоайыппұл төлегеннен гөрі, экология зиянны тигізбейтін заманауи технологияны орнатып алған тиімді болмақ. Өйткені, қоршаған ортаға зиянын тигізген кәсіпорын айыппұл төлеп ғана қоймай, қоршаған оратны қайта қалпына келтіретін болады.  Осылайша жаңа кодексте суды, ауаны ластап отырғандар экологияны қайта қалпына келтіруге бағытталатын болады. Бұрын мұндай қатаң талап болмаған еді. Алайда өндіріс дүркіреп тұрған, жыл сайын млдрттаған табыс тауып отырған  кәсіпорындар үшін бұл кодекс тимісіз болып отыр. Олар экологиялық қатаң талаптарды тағы бірнеше жылға шегеруді сұрап жатыр.

Ахметжан Пірімқұлов  - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі; «Біздіңше карантин салдарын сылатуратып, реформаны кейінге қалдырудың қажеті жоқ. Бұл қанша жылғы проблема. Экологиялық кодексте кәсіпорындарды  экологияны қорғайтын арнайы құрылғысы болмағаны үшін жабады деген норма жоқ. Бізде тек қоршаған ортаға келтірген зияны үшін салынатын айыппұл өседі. Дегенмен, жаңадан салынатын кәсіпорындарға бірден үздік қолжетімді технолгияны орнату талабы қойылады»

Қазақстанда  экологиялық ахуалы нашар аймақтар тізімі де бар. Оның ішінде Қарағанды мен Пауладар көш бастап тұр. Бұл өңірлердегі ірі кәсіпорындардан тараған зиянды қалдықтар бүкіл ауаны ластап жатыр. Ел экономикасына себін тигізіп отырған өндірісті тоқтатып тастай алмайды.  Алайда табиғат ананы қорғауымыз керек. Тек пайдасын ойлаған кәсіпорындар болса, парникті газдардың шығындыларын тазалап өткізетін үздік қолжетімді технологияны орнатуға қыруар қаржысын шығарғысы келмейді. Шығынға батып, банкрот боламыз деп даурығып отыр. Сондықтан олар халықтың қалтасына қақағатын тарифті көтеруге мәжбүр болмақ. Яғни былай тарсаң өгіз өледі, былай тартсаң арба сынадының кері болып отыр. Экология министрлігі кәсіпорындар эмиссия үшін төлемнен босатылады дейді . Сондықтан тарифті көтеруге негіз жоқ. Бұл жаңашылдықтың бәрі Парламент қабырғасында қаралып жатқан жаңа экологиялық кодекске енеді. Құзырлы орган қоршаған ортаға келіп жатқан зиянның көлемі жайныда қоғам ашық мәлімет алуы тиіс деп санайды. Ол үшін экологияға зиян келтіріп отырған кәсіпорындарды арнайы құрылғылар орнатуға міндттейді.

Ахметжан Пірімқұлов  - ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі; «Ең бастысы қоғам ауаға тарап жатқан зиянды қалдықтар жайында толық ақпарат алып отыруы тиіс. Сондықтан біз бұл норманы міндетті түрде енгіземіз. Ірі компанияларға мониторниг жасайтын құрылғылар қойылады.Бірақ өкінішке орай,  олар бізге сол мәліметтерді бермей келеді. Енді құзырлы орган ретінде біз оны талап ететін боламыз».

Ал Қазақстан ұмтылып отырған дамыған елдерде  қоршаған ортаны ластап жатқан кәсіпорындардың құбырларына млндаған доллардың фильтрлері орнатылған. Себебі,  экоайыппұлдар екі есе қымбатқа түседі. Сондықтан зауыттар үшін талапты сақтаған анағұрлым тиімді. Ал біздің елде кәсіпорындар экологиялық жауапкершілікті сезінгісі келмейді. Айыппұлдарды көбейтсе, табысымыз азайып, экономиканың өсуіне пайдамыз тимей қалады деп даурығып отыр.  Қоршаған орта ластанып, адамзат ауруға шалдығып жатса ақшаның кімге керегі бар? Бүгінгі күні Қазақстандағы зауыттардың бәрі бірдей фильтр орнатпаған, әрбір 21-і құбырға бір фильтрден келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.