Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫСҚА 1 МЛРД. ДОЛЛАР БӨЛІНДІ

c 18:48, 20/04/2022 c 498

0:00 / 0:00

Қаңтар трагедиясынан кейін Қазақстанның күштік құрылымдарына қазынадан 2,2 трлн теңге бөлінді. Соның ішінде қорғаныс саласына 440 млрд теңге қарастырылған. Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов биыл 9 мамырға орай шеру өткізгеннен гөрі, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығымен айналысқан орынды деп шештік дейді. Себебі, әскери парад өткізуге 4 млрд теңгеден артық қаржы жұмсалады екен. Қазақстан әскерінің бүгінгі жай-күйі, әскери қатарына шақыру үшін әлеуметтік пакет ұсыну мәселелері бойынша министр Мәжілістің кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.

Қаралы қаңтар оқиғалары елдегі күштік құрылымдардың осал тұстарын айқындап берді. Осыған орай Президенттің тапсырмасы бойынша үкімет күштік құрылымдарға 2,2 трлн теңге бөліп отыр. Оның 440 млрд теңгесі яғни 1 млрд доллар қорғаныс министрлігіне үлестірілмек. Қазір Қазақстан әскері әскери дайындықты бастап кетті. Ал көпшліік күткендей биыл 9 мамырда әскери шеру болмайды. Қорғаныс министрі әскери шеру үлкен шығынды талап етеді деп отыр. Шеру өткізуге 4 млрд теңге жұмсалады екен. Жақсылықов бұл қаражатты әскери дайындыққа жұмсаған жөн деп отыр.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Шеруге 4 млрд теңге жұмсалады. Бүгінгі күні Қарулы күштердің алдында өте өзекті міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы оларды бізге бекітіп берді. Оның бәрін іске асыру үшін қыруар қаржы керек. Ал шеру өткізуге бюджеттен шығын шығады. Жанар-жағармайға, әскерилердің іссапарына, тамағына қаншама қаражат кетеді. Сол себепті мұндай жағдайда не үшін маңызды? Айтыңыздаршы, әскери оқу-жаттығуын өткізген маңызды ма, әлде шеру өткізген бе?».

Әрине Жеңіс күні ардагерлерді ардақтау шарасы жоспарымен болады дейді министр. Сондай-ақ, министрлік жастарды әскер қатарына шақыруды күшейтіп жатқаны мәлім. Тіпті әскерге барудан қашқандарға қатысты жауапкершілікті күшейтіп жатыр. Бұған дейін хабарланғандай, әскерге барудан жалтарғандарға 3 млн теңге айыппұл салынады. Қорғаныс министрлігі 18 бен 27 жаса аралығындағы ер азаматтардың әскерге баруын тартымды ету үшін, әлеуметтік пакет ұсынбақ. Генерал Жақсылықов жылдың соңына дейін тиісті заң қабылданады деп отыр.

РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Сарбаздар әскер қатарына шақырылады. Оның әскерге барған уақыты еңбек өтілінде есептелетін болады. Егер ол жұмыс істеп жүрген болса, орташа жалақысы сақталатын болады. Несиесі бар болса, несиеге рақымшылық жасалады. Ал әскери дайындықта үздік сарбаз болса, оның ЖОО түсуіне жеңілдік жасалатын болады»

Ал жастар неге отан алдындағы борышын өтеуден қашады? Себебі, қатарластары оқу-білім, мансап құрып жүргенде, әскерде жүргендер құр қалады деген ой қалыптасқан. Бір жылын әскерде өткізгенше, жұмыс істегенім артық деген пікірлер де бар. Енді бірі – әскерде әлімжеттік бар деп қашады. Еліміз әскер саны бойынша 133 елдің ішінен 57 орында тұр. Жыл сайын міндетті қызметке 16000 адам шақыртылса, оның 30%-ы ғана барады. Өкінішке орай, ата-аналар тарапынан да әскерге кеткен баласы аман-есен оралатынына күмән бар. Себебі, әскер қатарына сау кеткен баласы ауру болып оралған немесе түсініксіз жағдайда мерт болған жағдайлар орын алуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.