Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коммуналдықтар күні-түні жұмыс жасауын жалғастыруда

c 18:59, 06/04/2018 c 779

0:00 / 0:00

Орал қаласында коммуналдық кәсіпорындар жоғары қарқында күні-түні жұмыс жасауын жалғастыруда. Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында атқарылған шаралар ауқымды болғанына қарамастан шаһарымыздың Зашаған және Деркөл кенттерінде еріген қар суы қиын жағдай туғызып отыр. Зашаған кентінің әкімі Әділбек Қадыровтың айтуынша, кенттен тек наурыз айында 20 мың текше метр қар шығарылған.

Көше бойындағы арық жүйелері көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суынан келер қатерді сейілтеді. Зашаған кентінде сонау 2011-жылғы су тасқынынан кейін барлық кемшіліктер жойылды. Тәулік бойы қар шығарумен "Жайық таза қала" ЖШС-нің 350 жұмысшысы мен 100 бірлік техникасы айналысуда. Күннің күрт жылынуы кезінде үйлерді су басу қаупі төнуі мүмкін. Қазір мұның алдын алу үшін Зашағанда атқарылып жатқан жұмысты бақылау күшейтілген.

Орал қаласынан 280 мың текше метр қар мен 30 мың текше метр су сорғызылған. Әр тұрғынға өз ауласындағы қарды күреп шығару қажетін ескертіледі. Бұның өзі еріген қар сумен күресті жеңілдетуге септігін тигізеді дейді коммуналдықтар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.