Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Коммуналдық ақы қарызын өтемеген тұлға қамауға алынды

c 20:06, 22/06/2018 c 747

0:00 / 0:00

Орал қаласында борышкерлердің біріне осындай жаза тағайындалды. Коммуналдықтарға жазаны қатаңдатуға тұтынушылардың борыштарын өтемеуі түрткі болған. Айта кетейік, шаһар тұрғындарының "Жайық жылу қуат" АҚ алдындағы қарызы бүгінде 500 млн. теңгені құрап отыр.

Былай тартсаң арба сынады, былай тартсаң өгіз өледінің кебін киіп, шарасыз жағдайда қалған "Жайық жылу қуат" АҚ-ның борышкерлерін енді қатаң жаза күтіп тұр. Бірнеше мыңдаған қарыздарын өтемейтін тұтынушылардың істері сотқа жетіп, шешім шығарылған болатын. Сот шешімін орындамай отырғандардың өздерін қамауға алу жазасы қолданылуда. Өйткені қызмет ақысын кешіктірмей төлейтін тұрғындар борышкерлердің кесірінен еш жазықсыз зардап шегуі әділетсіз шешім болып отыр.

Орал қаласы тұрғындары 18-маусымнан бастап тағы да ыстық сусыз қалған болатын. Басты себеп -"Қазтрансгазаймақтың" жылу таратушылардың қарызды өтемегені үшін жылу электр орталығына газ беруді тоқтатуы. Тұтынушылардан төленбей отырған қызмет ақысын өндіріп алса, бұл қарыздан құтылу қиын болмас еді. Алайда тұрғындар оңайлықпен берешектерін қайтарғысы келмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.