Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Көмек орталығы ашылды

c 16:03, 20/03/2019 c 1310

0:00 / 0:00

Оралда атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мәселесі бойынша call-орталығы құрылды. Яғни көп балалы және аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мәселесі  бойынша кез келген  тұрғын келіп сала мамандарынан ақпаратты бір жерден ала алады. Орталықтан жәрдемақы тағайындауға қатысы бар мемлекеттік мекемелер қызметкерлерін табуға болады. Атап өтсек, әділет департаменті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, «Тұрғынүйжинақбанк» АҚ азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Қалалықтар 30 37 18 нөмірі арқылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады.  Call-орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін  жұмыс істейді. Бүгінде орталыққа келушілер қатары көбейген. Мәселен өткен жылы 2300 адамғ,а кеңес беріліп, 624 отбасыға  атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал жыл басынан бері аталған көмек бойынша 3000 ға жуық адамға кеңес беріліп, 410 отбасыға немесе 1897 дамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Сондай-ақ  Құрманғазы көшесі, 173/а, мекенжайы бойынша  Орал қаласы халықты жұмыспен қамту орталығына жолығуға болады. Барлық тілек білдірушілердің  атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша сұрақтар қоюына мүмкіндік бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.