Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қолқаны қапқан қоқыс үйіндісі тұрғындардың мазасын қашырды

c 17:15, 18/07/2018 c 828

0:00 / 0:00

Орал қаласының Гагарин көшесі 221 мекен-жайы маңында үйілген күл-қоқыс алаңы жиі өртеніп, тұрмыстық қалдықтар желмен көкке көтеріліп жатыр. Бұл аймақ тазалықпен айналысатын кәсіпорынның құзырына кірмейді. Яғни тұрғындар қызметке еш ақы төлемей, контейнерлер орналаспаған жерге рұқсатсыз күл-қоқыс төгіп, қоршаған ортаға зиян тигізіп отыр. Бұл қаламыздың ет комбинаты ауданындағы Гагарин көшесі 221 мекен-жайындағы үйлердің маңы. Шыбын-шіркейдің мекені болған үйілген күл-қоқысты бірнеше жүк көлігіне тиеп шығаруға тура келді. Негізі аймақ тазалықпен айналысушы кәсіпорынның нысандары қатарында жоқ.

Ақы төлеп, арнайы орынға тұрмыстық қалдықтарды шығарып отырған тұрғындар үй айналысының ластануына бей-жәй қарай алмаймыз дейді. Тіпті өздері көлік жалдап қоқысты тазалап, бірнеше рет өрт сөндірушілерді шақырған. Бұл орынан қоқыстарды шығару коммуналдық кәсіпорынның міндетіне енбейді. Күн сайын түтін мен сасық иістен көз ашпайтын тұрғындар қоқыс аймағы жұқпалы инфекциялардың ошағына айналуынан қауіптенеді. Сондықтан жауапсыз тұрғындарды жазаға тартуды сұрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.