Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОЛ ЖЕТІМДІ БАҒА ЖӘРМЕҢКЕДЕ

c 11:19, 01/09/2021 c 314

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер елордалықтарға өз өнімін ұсынды. Ұсынып ғана қоймай, қол жетімді бағамен ет, сүт, нан өнімдері сатылды. Өткен демалыс күндері  Нұр-Сұлтан қаласындағы жәрмеңкеге  БҚО-дан 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелініп, дәстүрлі жәрмеңкеге шығарылды.

Елордада демалыс күндері дәстүрлі түрде өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде бұл жолы  Батыс Қазақстан облысының тартуы ұсынылды.  Атап айтқанда, сиыр мен жылқы еті, шұжық пен консерві, балық, ұн мен макарон өнімдері, өсімдік майы сүт өнімдері, сусындар, кондитерлік өнімдер, жұмыртқа сатылды. Осы өнімдердің барлығы дүкен сөрелеріндегі бағадан 10-20 пайызға арзанға саудаланды.

Жәрмеңкеге келушілердің қарасы қалың болды. Батыстың еті мен балығынан дәм татқан елордалықтар «бағасы төмен өнімге сұраныс бар»,- деп отыр.

БҚО-дан Нұр-Сұлтанға 80-ге тарта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жалпы көлемі 120 тоннаны құрайтын  өнімі әкелініп, сатылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.