Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қоқысты Қоянды

c 09:24, 24/08/2020 c 847

0:00 / 0:00

Елорданың іргесіндегі Қоянды ауылы қоқыстан көз аша алмай отыр. Халық саны 25 мыңнан асқан ауыл Ақмола өңіріне қарасты. Нұр-Сұлтаннан 6 шақырым жердегі Қоянды ауылының тұрғындары қалаға қатынап жұмыс істейді. Дегенмен, ауылда шешімі табылмай жатқан мәселе жетерлік. Жол сапасы сын көтермейді, ауыз су, интернет мәселесі толық шешілмеген. Ал үлкен ауылдың қоқысы көшеде шашылып жатыр. Бүгін « Ақ Жол» партиясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинова жергілікті басшылықпен кездесіп, ауылдың проблемасын өз көзімен көріп қайтты.

Елорданың іргесінде орналасқан Қоянды ауылына қоныс аударушылар саны  2007 жылдан бастап күрт өсті. Қалаға жақын болғандықтан жан-жақтан келгендер  Қояндыдан жер алып, үй салып қоныстануда. Бүгінде 25 мың тұрғыны бар ауылда шешімі табылмай жатқан мәселе шаш етектен. Бұл ауылдың әкімі де бірнеше рет ауысты. Бірақ баяғы жартас сол жартас. Жол жоқ, ауыз су мәселесі шешілмеген. Интернет сапасы нашар. Ауыл ішінде қоқыс шашылып жатыр. Халық саны өскесін, бала саны да артты. Ауыл шетінде жаңа мектеп салынғанды. Бірақ оған баратын жолды салуды ұмытып кеткен сияқты. Көктем, күз айларында балалар мектепке бару үшін батпаққа белшеден батып, әуреге түсіп жатады. Мұны әкімнің өзі де мойындап отыр. Ауыл басшысы жол салуға бюджетте ақша жоқ дейді.

Депутат Дүйсембинов бұл жылда айтылатын әңгіме дейді. Талай әкім ауысты, бірақ мәселе шешілген жоқ. Ал әкімнің айтуынша ауыл бюджетіне түсім түспей жатыр. Ауылдағы 25 мың тұрғынның тек 11 мыңы ғана осы жерде тіркелген. Жартысы қалада тіркеуде тұрғандықтан, олар төлеген салықтың бәрі астана бюджетіне түсіп жатыр. Қояндылықтар неге өз ауылына тіркелмейтінін депутат былайша түсіндірді.

Ал шеті жоқ үлкен ауылдың тазалығы әкімді мүлдем алаңдатпайтын сияқты. Жол бойы шашылып жатқан қоқыс. Тұрғындар маңайындағы қоқысты жинап қойғанымен, жел ұшырып кетіп жатыр. Көшеде қоқыс жәшігін кездестіре алмадық. Алайда, ауылдықтар қоқыс үшін ақша төлеп отыр.

Мұндай көрініс елордаға жақын орналасқан басқа да ауылдарда орын алып отыр. 300 мың тұрғыны бар ауылдарда инфрақұрылым, сапалы интернетпен қамту толық шешілмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.