Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Классикалық балет тұсаукесері!

c 17:41, 25/12/2017 c 1213

Оралда алғаш рет нағыз балет туындысының тұсаукесері өтті. «Орман нимфалары» атты балет қойылымын Оралдағы маңдайалды би мектептерінің бірі - «Арт дэнс» би студиясы ұсынды! Нағыз балет туындысының тұсаукесері Оралда алғаш рет көрсетілді! Арт дэнс студиясының бишілері үшін бұл көптен күткен оқиға. Моцарттың туындысына өнер керсеткен олар қар ханшайымдарының кейпіне еніп, классикалық үлгіде өнер көрсетті. Бұл қойылымға қатысқан 150-ден астам биші қалың көрермен ықыласына бөленді. Бишілердің әр кербез қимылы бимен үйлесім тауып, ертегілік нимфа кейіпкерінің образы сахнада көрінді. Қойылым хореографының айтуынша, бидің мінсіз шығуы үшін аз тер төгілмеген. Ал қойылым соңында балаларға арналған жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.