Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қирандының астында қалудан қорқады

c 16:12, 29/03/2018 c 652

0:00 / 0:00

Орал қаласының 32 тұрғыны апатты үйде тұрып жатыр. Шаһардағы Гагарина көшесі 5ші үйдің қабырғасының бір бөлігі таяуда халықтың көзінше опырылып түскен. Үй тұрғындары енді қирандының астында қалып, жазатайым қаза табудан үрейлі. Назым Байнуринан екі балалы жалғызбасты ана. Бірінші топ мүгедегі басындағы жалғыз баспанасы құлап қалса қайда барып күнелтетінін ойлап ашынады. Жуырды үй қабырғасының бір бөлігі тұрғындардың көзінше опырылып, құлап түскен. Енді тұрғындар бұл үйде тұрудан қауіптенеді.
Бірнеше жыл бұрын бұл үй апатты деп танылған да көрінеді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшуге келіскенімен, жаңа баспана салуға ескі үйдің орны тым тар болған. Ал көршілер өз баспаналарынан көшуден бас тартып, мәселе сол күйінде қала берген.

Тұрғын үй коммуналдық шарушылық бөлімі мамандары қабырғасы сөгіліп, кірпіші опырылып жатқан үйде әзірге тұруға болатынын алға тартады. Жуырда Гагарин көшесінің тұрғындарымен тағы бір мәрте бас мәселенің қыр-сыры, шешу жолы халықпен бірге талқыланбақ.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.