Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Киік мүйізін кескен браконьерлер қолға түсті

c 11:33, 26/07/2018 c 1221

0:00 / 0:00

БҚО-да киік аулаған браконьерлер қолға түсті. Казталов ауданының Тереңкөл ауылы маңында тексерілген көліктен қызыл кітапқа енген жануардың 4 мүйізі мен қару-жарақ тәркіленген. Қазіргі күні аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеріс жүріп жатыр. Алдағы сюжетте толығырақ.

Бұл жедел түсірілім кезінде түсірілген материал. Браконьерлердің қылмысы 22-шілде күні әшкере болады. Пайданкүнемдер мүйізіне бола "Қызыл кітапқа" енген ақбөкендерге оқ атуын тоқтатпай тұр. Қазіргі күні жануарлардың төшкелері іздестірілуде.

Әуе санағы кезінде аймақта 145 мың ақбөкен есепке алыныпты. Аша тұяқты, сүт қоректі бұл жануарлар облыстың Жәнібек, Казталов, Бөкейорда, Жаңақала аудандарын мекен етеді. Биыл облыста киік аулауға қатысты 30 қылмыстық іс қозғалған. 12 адам 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығынан айрылған.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.