Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кезектен қалай құтыламыз?

c 16:17, 27/07/2018 c 671

0:00 / 0:00

Оралдағы арнайы мамандандарылған халыққа қызмет көрсету орталығы 10 мың адамға қызмет жасапты. Аталмыш орталықтың меңгерушісі бұл қызметтердің баршасын электронды түрде де алуға болатынын атап өтті. Бұл қызметтің баршасын бүгінде қарқынды жұмыс жасап тұрған электронды үкімет порталынан табуға болады. Көлікті тізгіндеген жүргізушілер үшін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жағдайдың баршасы жасалынған. Алайда, шын мәнінде кезектен құтылу оңай мәселе емес көрінеді.

Бұл, жаңадан ашылған халыққа қызмет көрсету орталығы. Аталмыш орталыққа келген жандар ұзын сонар кезекте тұр. Яғни, бұл жердегі азаматтар, тиісті талонын алады. Кейін, азаматтар түбіртегімен бірге өз кезегін күтуіне барлық мүмкіндік жасалынған. Алайда, жайлы орындықта отырмастан бұрын, түбіртекке қол жеткізу қажет.

Көлікті тізгіндеген жүргізушілер бұл орталықтың жұмысына көңілдері толып отыр. азаматтарға арналған ғимараттың іші кең, кассалар мен тиісті мамандарда бар. Күн сайын 350ден астам көлік иесі түрлі қызмет алып, мәселесін шешіп жүр. Енді көлікті қайта рәсімдеу мен жүргізуші куәлігін онлайн режимде алуға болады. Алайда, азаматтар заманауи техникадан гөрі, дәстүрлі жүйеге иек артуды жөн санайды.

27-ші шілдеде еліміздің барлық автокөліктерге арналған халыққа қызмет көрсету орталықтарында бірқатар қызметтерді алу мүмкін болмапты. Себебі, жүйеде ақау орын алыпты. Қазіргі таңда, бұл олқылық шешіліп жұмыс қарқынды жалғасуда.

1,5 мың астам қазақстандық еліміздің аумағында электронды үкімет порталы арқылы түрлі қызмет түрін пайдаланған көрінеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.