Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚАЗЫНАНЫ ТОЛТЫРУ ЖОЛЫН ІЗДЕУ КЕРЕК»

c 09:50, 11/04/2022 c 224

0:00 / 0:00

Үкімет 2022 жылға арналған бюджет жобасына өзгеріс енгізді. Себебі, бюджеттің шығыс бөлігі 2,7 трлн теңгеге ұлғайды. Оның 1,6 трлн теңгесін Ұлттық қордан тартпақшы. Бұл жоба Мәжіліс депутаттарына таныстырылды. Депутаттар Ұлттық қордан алынған қаражат тиімді жұмсалса жақсы ғой деп алаңдайды.
Пандемия, қаңтар трагедиясы үкіметтің болжаған бюджетіне өзгеріс енгізуге әкеліп соғып отыр. Смайылов үкіметі әлеуметтік төлемдерді Ұлттық қор есебінен өтемекші. Яғни жәрдемақы, зейнетақыға қазынада қаржы жоқ. Осы жылға арналған бюджет шығысы 2,7 трлн теңгеге артты. Қандай дағдарыс болмасын Ұлттық қорға ауыз ашып отыру үкіметтің әдетіне айналған. Бұл жолы қордан 1,6 трлн теңге тартылмақ. Депутаттарды бұл шешім қуантып отырған жоқ әрине. Ендігі үміт-Ұлттық қордан алынған қаражат тиімді жұмсалса жақсы ғой. Мәжілісмендер министрлер кабинетіне қазынаны толтыру жолдарын іздеуді ұсынды.

Аудиторлардың бағалауынша, ел экономикасы әлі мұнай шикізатына тәуелді. Бұл тәуелділіктен құтылу үшін елдегі өндірісті дамыту керек. Ал халықтың табысы азық-түліктен аспай қалды. Осылайша қазақстандықтарда қаражат жинау мүмкіндігі жоқ. Несиеге байланғандар әлеуметтік проблемаға тап болып жатыр. Депутаттар, қазына қаржысының тиімді жұмсалуы үшін үкімет пен әкімдіктердің жұмысын халықпен бірге қатаң бақылауда ұстау керек деп отыр.

АЙБЕК ПАЯЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Сапалы жұмыс керек. Егер алдына қойған міндетті орындай алмады ма, орнын босатсын. Бізде мүмкіншілік көп, бай елміз. Тек сапалы, сауатты жұмыс істеу керек. Қазына қаржысын жемқорларға қолды қылмай, оның жұмсалуын қатаң қадағалау керек. Енді халық оған жол бермейді. Депутатар да оны тоқсан сайын бақылап отырамыз».

Негізінде министрлер кабинетінің жылдағы есебінен қаражат тиімсіз жұмсалды деген мәліметті жиі естиміз. Игерілмеген миллиардтарды келесі жылға сүйреп әкелу әдетке айналған. Яғни өңірде қажетті қаражат жұмсалмай, халықтың өмір сапасын жақсартатын талай жобалар жүзеге аспай, жата берген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.