Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҮШІНШІ ЛЕГІ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

c 20:06, 04/03/2022 c 469

0:00 / 0:00

Бүгін түнде елге Украинадан эвакуацияланған қазақстандықтардың үшінші легі елге оралды.Нұр-Сұлтан қаласына қонған әуе кемесі Польшаның Катовице қаласынан ұшып келді. Бортта 133 жолаушы болды, оның 20-сы бала, екеуі Қырғызстан азаматы. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Украинадағы қазақстандықтардың басым бөлігі елге оралды.
Әлемді алаңдатып отырған Украинадағы соғыс ушығуда. Ресей мен Украина делегациясының екінші келіссөзі аяқталды. Екі жақ арада гуманитарлық дәліздер ұйымдастыруға, осыған байланысты бірқатар секторда қақтығысты тоқтатуға келісті. Шетелдік ақпарат құралдарының хабаралуынша, Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Михаил Подоляк үшінші раунд болатынын мәлімдеді. Сондықтан жақын арада келіссөздерді қайта бастамақ. Ал Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский тараптар ұстанымдар бойынша түсіністікке қол жеткізді. Әскери мәселе, халықаралық гуманитарлық мәселе және үшінші мәселе - жанжалды саяси реттеу мәселесі талқыланғанын айтты. Ал 4 наурызға қараған түні Украинадағы қазақстандықтардың үшінші легі елге оралды. Нұр-Сұлтан қаласына қонған әуе кемесі Польшаның Катовице қаласынан ұшып келді. Бортта 133 жолаушы болды, оның 20-сы бала, екеуі Қырғызстан азаматы.

Сыртқы істер министрлігінің хабаралуынша, Украйнадаға Қазақстан азаматтарының басым бөлігі елге оралды. Ал көлік комитетінің хабарлауынша, Украинада қалып қойған жүк көліктеріне қатысты мәселе шешіліп жатыр. Ендігі ол елден 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды. Дәлі қазір 26 көлік Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр.

Еске сала кетейік қазақстандық бір топ кәсіпкер ел билігінен дағдарысқа қарсы штаб құруды сұраған еді.Осыған орай құрылған штаб Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстан экономикасына кері әсерін төмендетуді қолға алуда. Үкімет «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және Халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп, ел экономикасына нақты тәуекелдер мен ықпалын,санкциялық сценарийдің есебін жүргізуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.