Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандық студент Ухань қаласынан келе алмай жатыр

c 18:45, 04/02/2020 c 565

0:00 / 0:00

Коронавирус Қазақстанда жоқ. Ал коронавирусқа күдікті 33 науқас әлі бақылануда. Бұл туралы Үкімет отырысын кейін министр Біртанов мәлімдеді. Тағы бір шенеунік брифингте Қытайдан алынған тауарлар коронавирусты тарата алмайтынын мәлімдеді. Сауда министрі Сұлтанов Қытайдан Қазақстанға тауар өткізу үшін ешқандай шектеу жоқ деп мәлімдеді. Бірақ, оның айтуынша, кейбір бизнесмендер қытай тауарларының бағасын көтерді.

Коронавирус Қазақстанда жоқ, бірақ бұл қазақстандықтардың үрейге ұшырауына кедергі келтірмеді. Өйткені Қытайда 400-ден астам адам вирустың жаңа түрінің құрбаны болды, Қытай билігінің мәліметтері бойынша 20 мыңнан астам адам вирус жұқтырғандар қатарында. Иә, Қазақстан вирус пайда болған жерге өте жақын. Сондықтан індет туралы ақпарат авиатасымалдар мен туристік индустрияны шығынға душар етті. Ал кейбіреулері керісінше, пайдасын арттырмақшы. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов бизнесмендер Қытайдан жеткізілген тауар бағасын көтергенін мәлімдеді.

Қытайдағы куәгерлердің айтуынша, вирус өте қауіпті деп саналсада, одан қайтыс болғандардың көпшілігіөте қарт жастағы адамдар немесе иммунитеті зардап шеккендер. Қазақстан ауруханаларында 33 пациент қалып отыр, бірақ коронавирус күдігі сейілді. Сонымен қатар, министр Біртанов шетелден келгендердің коронавирусқа зертханалық тестілеуден өту қажеттілігі жоқ деп сендірді. Бұл зерттеу адамның ауру белгілері бар болса ғана жүргізіледі. Мұндай белгілері бар адамдардың 99 пайызықарапайым тұмаумен ауырған. Қазір коронавирусқа барлық 18 миллион адамды тексерудің қажеті жоқ, - деп сендірді министр. Әне коронавирус Қазақстанда жоқ, деді ол.

Бірақ, белгілі болғандай, бір қазақстандық студент Ухань қаласынан қайтып келе алмапты. Қытай билігі дене температурасының көтерілуіне байланысты оны елден шығармапты. Енді студенттердің ата-аналары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Уханьда қалған жалғыз қазақстандық студентті қайтару жөнінде көмек көрсетуді сұрап отыр. Қазіргі уақытта, оның анасы айтып өткендей, студент өзін жақсы сезінеді және денсаулығына шағымданбайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.