Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстандық шериф

c 09:37, 06/10/2020 c 763

0:00 / 0:00

Біздің елде де АҚШ-тағыдай шерифтер қызмет етпек. Бұл Ішкі істер министрлігін реформалау барысында қолға алынып отырған жаңашылдық.

Қазақстандық полицейлер шерифтер моделін зерттеп көрмек.  Бүгін өткен онлайн брифингте  ішкі істер министрлігінің кадр саясаты депаратментінің бастығы Айдар Сайтбеков мәлімдеді.Тағы бір жаңалық- полицейлер қазақ төбет иттермен жұмыс істеуді қолға алмақ.

Елде реформа жасалмаған сала жоқ. Қанша реформадан өтсе де жемқорлық жойылатын емес. Халыққа қызмет көрсету сапасы сын көтермейді. Енді ішкі істер министрлігі өз жұмысын жаңартып, реформа жасап дамыған елдердегідей қызмет жасаймыз деп сендіреді. Полицейлердің сервистік қызметін күшейтіп, елде АҚШ-дай шерифтер  пайда болмақ. Яғни біздің  қабағы ашылмайтын, сұр киімді полицейлер халықтың қамын сұрап, үнемі күлімдер жүретін шерифтерге айналуы мүмкін.

Айдар Сайтбеков – ҚР ІІМ кадр саясаты департаментінің бастығы "Біз АҚШ, Ұлыбритания мен Канада сияқты мемлекеттерде кеңінен тараған шерифтер моделін зерделеп шығуды жоспарлап отырмыз. Ол жағынан АҚШ елшілігі көмектеседі. «Полиция жақын жерде" қағидаты бойынша жұмыс істейміз.  Бұл полицияның бәрі дәл қазір көшеге шығады сөз дегенемес. Полиция көмек қажет жерде ғана жүру керек. Адам көп жиналған кезде полиция келеді. Қауіпті орындарда жүруі керек"

Тағы бір айта кететіні қазақы төбеттер полицияға көмекке келіп жатыр. Кинологтар алғаш рет қазақы төбеттерді үйретуді қолға алуда. Қылмыскерді іздеуде төбеттердің қабілеті мықты дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.