Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАНДА ОМБУДСМЕННІҢ ҚҰЗЫРЕТІ КҮШЕЙЕДІ

c 10:28, 28/10/2021 c 1009

0:00 / 0:00

Парламент депутаттардың бастамасымен « Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы ұсынылды. Құжатқа сай, омбудсменнің азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі өкілеттіктері кеңейтіліп отыр. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейеді. Еліміздің 17 аймағында Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттілік ашылады. Бұл қазақстандықтардың арыз-шағымдарымен жұмыс істеудің аясын кеңейтеді. Мәжіліс аталмыш заң жобасын бірінші оқылымда қарап, талқылап, мақұлдады. Еліміздің бас омбудсмені Эльвира Әзімованың айтуынша, соңғы үш жыл бойына елде адам құқықтарының бұзылуы бойынша жазбаша түрдегі 3 мың шағым тіркелді. Ауызша шағымдар одан да көп.

Қазақстанда адам құқықтары сақтала ма? Азаматтар қай салаға көп шағымданады? Әділеттілік іздеп соттың табалдырған тоздырғандар қаншама. Бас омбудсмен жыл сайын елде адам құқықтарының бұзылуы бойынша жазбаша түрдегі 3 мың шағым тіркеледі. Ауызша шағымдар да өте көп. Бұл соңғы үш жылда орын алған көрініс дейді.

Алайда, омбудсменге азаматтардың құқығы тапталған жағдайда қолдау көрсету үшін заңдық кедергілер болған.Енді ел тәуелсіздігіне 30 жыл толғанда ғана адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыретін күшейтпекшіміз. Депутаттар бастама болған « Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасы, енді азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, ол үшін омбудсменге тиісті шараларға қатысты мемлекеттік органдарға немесе лауазымды адамдарға ұсыныстар жолдауға, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың шешімдерімен немесе әрекеттерімен адамдардың шектелмеген тобының бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін талап-арызбен сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Еліміздің 17 аймағында Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттілік ашылады. Атап айтқанда, уәкілдің құзыреті күшейеді.

Депутаттар ұсынған жобада қазақстандық омбудсмен адам құқын қорғауға келгенде тәуелсіз болады. Ешкімге бағынбайды. Ең бастысы омбудсмен рухты болуы керек. Жемқорлықтан бойын аулақ ұстағаны жөн. Ал ондай сүттен ақ, судан таза жанды қайдан табамыз?

Осылайша, аталмыш заң жобасы Парламенттен өтіп, Президенттің батасын алса, қазақстандықтардың құқы қорғалып, аяққа тапталмайтын болады деп сендіреді халыққалаулылары. Айтпақшы, құжатқа сәйкес, уәкілдің заңды қызметіне араласқан немесе кедергі келтіргендер жауапқа тартылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.