Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстанда қос азаматтыққа жол жоқ

c 17:54, 18/03/2021 c 585

0:00 / 0:00

Қос азаматтығы анықталған жағдайда құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмыстан шығару ұсынылды. Сенатор Нұржан Нұрсипатов Ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігінң жолдаған сауалында қос азаматтығы барларды анықтап, қызметтен босатуды ұсынды. Депутат елде қос азаматтықты болдырмау керек дейді.

Қазақстанда қос азаматтыққа жол бермеу керек дейді сенаторлар. Өткен жылы ел Президенті екі азаматтығы барларды мемлекеттік қызметтен және квазимемлекеттік сектор саласынан жұмыстан босату туралы айтқан еді. Осыған орай мемлекеттік қызмет істері, еңбек кодексі заңнамаларына түзетулер енгізіліп, қабылданды. Алайда, бұл заңдар дұрыс жұмыс істемей отыр. Қазақстанда қос азаматтықпен қызмет істеп жүргендер әлі бар дейді депутат Нұрсипатов.

2020 жылғы мәлімет бойынша елімізде екі бірдей азаматтығы бар 431 адам анықталғанды. Оның ішінде мемлекеттік қызметте және құқық қорағу органдарында еңбек етіп жүргендер бар. Сенатор қос азаматтығы барларды жіті тексеруді және  азаматтығы анықталған жағдайда құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмыстан шығаруды ұсынды.

Осы орайда, депутат қос азаматтықты болдырмау үшін тек мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде ғана емес, жұмыс істеп жүрген кезде де арнайы тексеріс жүргізу қажет деп санайды. Сенат депутатының бұл сауалы ішкі істер министрлігі мен мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жолданды. Ал сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік қызметте қос азаматтығы бар қызметкерлердің болуы ұлттық қауіпсіздікке қайшы келеді яғни қауіпті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.