Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері де саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

c 18:11, 31/05/2018 c 704

0:00 / 0:00

"Қазақ халқына мың алғыс" монументі жанында бас қосқандар осы күннің тарихтағы орнына тоқталып, жастарға берер тағылымы туралы айтты. 2012 жылы тағдырдың теперішімен сонау 1937 жылдың ызғарымен корейлердің қазақ топырағына табандары тигендеріне 75 жыл толған еді. Осы датаға байланысты Қазақстанды мекендейтін барлық корейлердің атынан айрықша монумент орнатылған болатын. Қазақ халқы бас сауғалап келген корейлермен өзге де ұлт өкілдерін жатсынбай, бүтін құрттарын бөліп, жарты құрттарын жарып жеді. Монументте ызғарлы саясат жандарын қарыған халыққа алақаны мен жүрегінің жылуын қатар ұсынған қазақ халқына ризашылық бейнеленген.

Қуғын-сүргін жылдарының құрбандары жадымызда сақталады. Мұндай оқиға тарих бетінде қайталанбасын деп тілек білдірген шараға қатысушылар бүгінгі бейбіт күннің қадіріне жете білу қажетін айтты. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасына ҚХА өкілдері қатысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.