Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қазақ әдебиеті жаңа туындымен толықты

c 17:58, 27/02/2018 c 887

0:00 / 0:00

Бауыржан Халиолла - қасиетті Сырым топырағының перзенті. Сырым ауданының Қосаба ауылында дүниеге келген Бауыржанды халық айтыс ақыны ретінде жақсы таниды. Айтыста отты жырларымен, қара қылды қақ жарып айтатын шыншыл өлеңдерімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған болатын.Бұл жолы Бауыржанның кітабының тұсаукесеріне Атырау мен Астанадан, Алматыдан игі жақсылар ағылып келуі Бауыржанын абыройы мен беделін көрсетсе керек. Зал толы халық өздерінің сүйікті ұлдарына тік тұрып қошемет көрсетіп жатты. Кеште сөз алған жазушы Сәбит Досанов "Сонау Алматыдан осы Бауыржан үшін келдім, бұл менің талантқа деген құрметім", - деп ағынан жарылды.

Кітаптың тұсаукесеріне БҚО әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысып, облыс басшылығының құттықтауын жеткізді. Ал сонау Алматыдан Бауыржан Халиолланың шашбауын көтере келген ақын Талант Арынғали Бауыржан туралы тебірене сөйледі. Бауыржанды көпшілік мінезді ақын деп жақсы көреді, өлеңдегі мінезбен өмірдегі мінезі ұштасып жататын арда ұлын халық әркез биік қойып келеді.

Бауыржан Халиолланың бұл ктіабының таныстырылымы енді Астана мена Алматыда өтеді деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.