Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантинді елемегендер

c 16:20, 27/07/2020 c 442

0:00 / 0:00

Оралдық 6 бизнес субъектісі мен 44 жеке тұлға күшейтілген карантин талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары хабарлайды. Қаламыздың 20 округіне бөлінген мониторингтік топ демалыс күндері бас санитария дәрігерінің қаулысына құлақ аспай, қызметін жалғастырған кәсіп иелерін анықтады.

Көлік жуатын станциялар да белгіленген уақыттан кейін өз қызметін жалғастырыпты. Көлік жуу мекемелері тек кешкі 5-ке дейін қызмет жасай алады. Еуразия көшесінде орналасқан асхананың бірі шектеуді елемей, тұтынушылардан тапсырыс қабылдаған. Асхананың қызметкері екі азаматша алыс жолдан келдік, біраз тынығып алсақ болады ма деп сұрағасын, рұқсат бердім деп ақталды.

Сала мамандары карантин талаптарын бұзған 6 кәсіпкерді және түнгі 23-00-ден дейін көлігімен жүрген 44 адамды жауапқа тартқандықтарын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.