Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Карантин талаптарын түсіндіру

c 17:55, 21/07/2020 c 481

0:00 / 0:00

Шаһар басшысы кәсіпкерлерге карантин талаптарын түсіндіру үшін кешкі рейдке шықты. Облыстық санитария саласының мамандары мен полиция қызметкерлері Тұңғыш президент алаңында үлкен-кішіге велосипедті жалға беретін бизнес субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын жасап, кешкі оннан кейін жұмыстарын жалғастырған жандарға ескерту жасады.

Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс аумағында 2-ші тамызға дейін күшейтілген карантин талаптары сақталуы тиіс. Шектеулерге байланысты кәсіпорындар жұмыс уақытын қысқартып, қызмет көрсету саласында жұмыстанатын мамандар толыққанды қызметтерін тоқтатқан-ды. Бірақ кейбір талаптарды елемей жүргендер бар. Қала әкімі түнгі сағат оннан кейін Тұңғыш президент алаңында азаматтарға түрлі велосипед пен балаларға ойыншықтарды ұсынатын жандарға ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Рейдте болған санитария мамандары да барлық талаптың сақталу керектігін еске салды.

Сала мамандары алаңда карантин талаптарына байланысты шектеулерге қарамастан жұмыс жасаған барлық кәсіпкерлік нысандарына ескерту жасап, келесіде бұл жағдайдай қайталанса айыппұл салатындығын ескертті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.