Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Қалыс қалу, қарсы болу емес»

c 07:00, 16/01/2021 c 552

0:00 / 0:00

Жаңа парламент, жаңа үкімет. Елордада ауыс-түйіс орын алды. Сайлаудан соі жаңадан жасақталған Парламент Мәжілісі төрағасын сайлап алды. Депутаттар бірауыздан Нұр Отан  партиясының төрағасы, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұсынған кандидатурасын лайық деп тапты. Осылайша Нұрлан Нығматулин  ескі орнына қайта топ ете қалды. Ал үкіметтің де айтарлықтай жаңарғаны ештеңесі жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр лауазымына Асқар Маминді қайта ұсынды. Дауыс беру барысында «НұрОтан» партиясының фракциясы толық қолдап, Ақжол мен Қазақстанның халық партиясы қалыс қалды. Көпшілік дауыспен Мәжіліс бұл кандидатураны да қолдап жіберді.

Сайлаудан соң  түбегейлі өзгеріс болады деп күткен көпшіліктің ду-ду әңгімесі су сепкендей басылды. Әрине жаңадан сайланған парламент мәжілісінің құрамы 70 пайызға жаңарды. Жетінші шақырылымның алғашқы жалпы отырысында депутаттыққа алғашқы рет сайланғандар «Қазақстан халқына адал қызмет етемін» деп ант берді. Бірі 4-5 жолдан тұратын анттың мәтінін жатқа айтып жатса, енді бірі Ата заңға қолын қоюды ұмытып кетіп, алдында тұрған қағаздан ежелеп оқып, шатысып  жатты.

Бұдан соң,  мәжіліс төрағасын сайлау рәсімі болды. Спикерлікке Нұрлан Нығматулин  қайта сайланды. Осылайша мәжілісмендер елбасының бұл ұсынысын жерге тастамады. Тіпті, спикердің ерен еңбегін жарыса мақтап, сөз сұрап тоқтай алмай қалған депутаттарды, басқа әріптестері сабырға шақырып әлек болды.

Таңертең ғана парламент палаталарының бірлескен отырысына қатыстқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, түстен кейін тағы келді. Бұл жолы мемлекет басшысы үкімет басшылығына Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды. Не керек, Маминге парламент мәжілісінің жалпы отырысына қатысқан 99 депутаттың 78-сі қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды. Яғни НұрОтан Асқар Маминнің кандидатурасын толық қолдап, Ақжол мен ҚХП қалыс қалды.

Айқын Қоңыров – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Бүгін өкінішке орай, пермьер-министрлікке ұсынып отырған Асқар Маминнің кандидатурасын және оның министрлер кабинетін сақтап қалу туралы ұсынысты Қазақстан халық партиясы қолдай алмайды. Дауыс беруде қалыс қаламыз».

Президент қалыс қалғандардың әрекетін қарсылық емес деп қабылдады.

Осылайша, ескі және жаңа басшы Асқар Мамин үкіметті тізгіндейтін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.