Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламыздағы көлік жүргізушілері жол жөндеу жұмыстарынан туындаған қолайсыздықтарға наразы!

c 00:00, 18/05/2015 c 614

0:00 / 0:00

Себебі күн сайын кептелістер туындап, тас жолдағы тесік шұңқырлардан көліктер зақымданып жатыр.Жолдарды жөндеу жұмыстарының салдарынан туындаған мәселелерді біздің арна тілші зерделеп қайтқан болатын. Жол жөндеу жұмыстары басталғалы, күнделікті көретініміз ұзақ сонар кептелістер мен жол көлік оқиғалары екені рас. Жұмысқа асыққан жүргізушілер тас жолдағы шұңқырлардан қашудың амалын іздеп бір біріне соқтығысып жатса, ал маршруттық автобустардағы жолаушылар өздеріне тиісті аялдамаларынан асып, ұзақ жол жүруге мәжбүр. Қазіргі таңда шаһарымыздағы Сарайшықтан Әйтиев және Мұхит көшесіне дейін, сондай-ақ Сырым Датұлы мен Гагарин көшесінен Автобекетке дейін жол қозғалысы шектеліп отыр. Мұнымен қоса Омега аялдамасынан Конкина мен Есенжановтан Шолохов көшесі аралғында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһарымыздағы жолдардың барлық шұрық тесіктері жамалып, жаңаланғаны дұрыс әрине. Әйткенмен де сол атқарылған жұмыстар зая кетіп, тас жолдың сапасы әлі күнге дейін көңіл көншітпейтіні рас.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.