Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қаламызда Зенит мәдениет үйінде балдың түрлері мен тәтті өнімдердің жәрмеңкесі әлі жалғасып жатқаның естеріңізге саламыз

c 00:00, 04/03/2015 c 927

0:00 / 0:00

Қыстың көзі қырауда денсаулығыңызға нағыз шипа болатын балды жаны сүйетін жандар осы жәрмеңкеге қарай асығулары қажет. Фукс және Дубравин омарташыларының Ресей мен Башқұртстан және Алтай аймағынан жинаған сапалы балының жәрмеңкесі әдеттегідей "Зенит" мәдениет үйінде өткізілуде. Балдың 30 түрі қойылған жәрмеңкеден, әркім өзінің ағзасына жақын тәттіні таңдап ала алады. Сондай-ақ таңдаудан қиналсаңыз, сатушылар сізге кеңес беруге қашан да дайын. Сонымен қатар көңіліңіз қалаған балдың дәмін татып көру мүмкіндігі бар. Мұнда келуші тұрғындар түрлі сырқаттардың алдын алу мақсатында, өздерінің көңілінен шыққан ағзаға шипа беретін балдың түр -түрін тұтынады. Жәрмеңкеден балдан бөлек денсаулыққа пайдалы, буға піскен жемістерді табуға болады. Сондай-ақ басқалай да тәттілер бар. Естеріңізге саламыз "Зенит" мәдениет үйінде өтіп жатырған бал жәрмеңкесінде бір келі балға жарты келі бал сыйлыққа берілетін акция өз жалғасын таба бермек. Жұмыс уақыты әдеттегідей күндізгі сағат 10-нан кешкі 8-ге дейін демалыссыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.