Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қала күніне тарту

c 17:57, 27/07/2020 c 665

0:00 / 0:00

Күзге дейін Оралдағы 3 субұрқақ күрделі жөндеуден өтеді. Осыдай бір ай бұрын Теміржол ауданы маңындағы Чапаев алаңындағы субұрқаққа жөндеу жұмыстары басталса, қазір Сырым Датовтағы ескі нысанда жаңғырту істері басталған. Сонымен қатар, Пушкин тынымбағындағы субұрқақты қайта қалыпқа келтіру қолға алыныпты. Жұмыстар қала күніне орай аяқталады деп жоспарлануда.Қазір облыс орталығындағы  12 нысанда 25 фонтан бар. Биыл Тұңғыш Президент алаңында бірнеше субұрқақтар сонымен қатар Мәметова алаңында, Молдағалиев пен Чернобыль саябағындағы субұрқақта іске қосылды.  Ал Сырым Датов алаңындағы фонтанды қайта жаңғырту шаралары 10 күн бұрын басталған. Бұл шараларға бюджеттен 217 млн теңге бөлінген. Мердігер мекеме «Дорем Сервис» ЖШС.Бұл ұйымның мұндай объектілерге қызмет көрсету тәжірибесі бар. Әзірге бұзу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл шаралар он күн ішінде аяқталуы тиіс. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 20 дан аса еңбеккер жұмыспен қамту орталықтары арқылы тартылған.  Яғни қала күнінде Оралдықтарды бірқатар тосынсыйлар күтіп тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.