Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қайта түлеген Түркістан

c 17:28, 29/09/2020 c 613

0:00 / 0:00

Түркістан қаласында халықаралық әуежай ашылды. Айтулы шара

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті.  Елбасы қайта түлеген Түркістанның даму жоспарымен танысып, жаңа құрылыс нысандарын аралап шықты. Нұрсұлтан Назарбаевқа «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ өңірде туризмді дамыту мәселесі талқыланды.

Елбасының оңтүстік өңірге сапарында Түркістандықтар үшін үлкен сый болған –халықаралық әуежай ашылды. Әуежайдың құрылысы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Қаладан 20 км қашықтықта орналасқан әуежай халықаралық стандарттарға сай заманауи технологияларды қолдана отырып салынған.Жалпы ауданы 905 га құрайды. Әуежайдың қызмет көрсету әлеуеті жылына шамамен үш миллион жолаушыны құрамақ.Сондай-ақ, Назарбаев Түркістан қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты. Елбасына «Керуен-сарай» кешені таныстырылып, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағындағы археологиялық зерттеулердің нәтижелері туралы мәлімет берілді. Киелі Түркістанның дамуы жолында туризмді шарықтату мәселесі сөз болды.

Қала өсіп, халқының саны да арта түсуде. Түркістанда 163 ірі нысанды салуға 450 млрд теңге инвестиция тартылды.

Сондай-ақ, Елбасы Шымкент қаласына да ат басын тіреп,  медициналық құрал-жабдықтар, медициналық жиһаздар мен медициналық көліктер шығаратын кәсіпорында болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.