Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Инвестициялық жобалар талқыланды

c 15:14, 18/04/2018 c 670

Өңірімізде халықаралық франшизаға сәйкес келетін 4 жұлдызды қонақ үй бой көтеріп, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі бойынша кешен салынады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсартуға арналған кеңестің отырысында белгілі болды.

Облыс әкімінің төрағалық етуімен өткен инвестиция тарту мен өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған кеңесте екі бірдей жоба таныстырылған еді. Олардың бірі қатты тұрмыстық-қалдықтарды басқару жүйесі бойынша кешеннің құрылысы болатын. Бұл жобаны финдік кәсіпкерлердің қолға алғандығы белгілі. Шетелдік мамандардың дерегі бойынша, Оралдықтар жылына 300 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс жәшігіне тастайтын көрінеді. Күл- қоқыстан биогаз өндіргісі келетін мамандар қоқыс полигонын реттеп, қоқысты жауып, газ алуды көздеп отыр.

Жиын барысында өңірімізде жаңадан бой түзейтін индустриалды аймақтың құрылысы жайлы баяндалды. Қазіргі таңда жобаның жобалық- сметалық жұмыстары даярланып жатыр. Барлық құжаттар даярланғаннан соң, индустриалды аймаққа инженерлік желілерді тартылатын болады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвестиция тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту өңірлік кеңесінің жұмыс жоспары пысықталды.

 

0:00 / 0:00

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.