Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Иісшіл иттің ерлігі...

c 17:24, 04/02/2019 c 909

0:00 / 0:00

Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлері иісшіл иттің көмегімен жоғалған бес жасар баланы тапты. Аталмыш исшіл иттің бұл қасиетіне  түсірілім тобымыз да куә болып, оны үйретушілермен  кездесіп қайтты. «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  өкілдерінің айтуына қарағанда, оқиға 31 қаңтар күні кешкі сағат 18.30 шамасында болған. Орал қаласының тұрғыны үй жанында ойнап жүрген баласының жоғалып кеткені жөнінде айтып, Ұлттық ұлан жауынгерлерінен көмек сұрайды. Сол бойда барлық қызметтерге хабар беріледі.Бұл кезде құрамында сержант Эльдар Жұмагелдин, қатардағы жауынгерлер Даниил Челнаков, Айбек Абдулаев жәнекинолог маман Салауат Янсуфин бар топ «Кармэн» атты итпен бала жоғалған «Солтүстік-шығыс» шағын ауданында жүрген. Туысқандары берген баланың киімін кинолог итке иіскетіп, іздеу жөнінде тапсыпма береді. Осылайша ізге түскен иісшіл ит Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназияның ауласына алып келеді. Ал, ата-анасы болса баласының бұлай үйден қашық кеткеніне таң қалыпты. Жаман айтпрай жақсы жоқ, мұндай суық маусымда балаларды қарусыз қалдырмаған  жөн екенін ескертеді сала мамандары.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.