Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ғұмар Қараш еңбектерінің жаңа тынысы

c 14:52, 12/06/2018 c 1305

Оралда Ғұмар Қараш еңбектерінің үш томдығының таныстырылымы өтті. Көрнекті ақын, философ, ағартушы, қазақ баспасөзін қалыптастырушы тұлғаның шығармалары жинақталып, алғаш рет толығымен басылып отыр. Ақын туындыларының басым бөлігі «Жайық пресс» медиахолдингінің бастамасымен Мәскеу қаласының мұрағаттарынан жиналған. Үш томдық жаңа жинақтың алғашқы томына ақынның көзі тірісінде шыққан өлеңдері, жарияланбаған туындылар топтастырылса, шығармалар жинағының екінші томына ақынның әңгімесі, мерзімді басылымдардағы мақалалары жинақталыпты. Ал үшінші томға Ғұмар Қарашты білгендердің естеліктері мен ақынның өмір жолы, шығармашылығына қатысты тың деректер топтастырылған. Үш томдық жинақ әзірге 500 данамен жарыққа шықты.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.