Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ғасырлар тоғысында" акциясы басталды

c 11:38, 11/04/2018 c 837

0:00 / 0:00

Орал қаласында "Ғасырлар тоғысында" атты акция басталды. Аталмыш шараға қалалық білім беру нысандарының 150-ге жуық оқушысы қатысып жатыр. Акцияның негізгі мақсаты -  қоғамдық көліктерде ұлы ғұлама ғалымдардың афоризмдерін іліп, барша қала тұрғындарына ой салу.

Шаһарымызда игі бастама қолға алынды. Мектеп оқушылары ұлы тұлғалардың ой-пікірлерін ұлықтау мақсатында облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көліктерге қанатты сөздер, афоризмдерді ілді. Аталмыш шара Елбасының "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" мақаласының аясында жүзеге асуда.

"Ғасырлар тоғысында" акциясына шаһарымыздың барлық мектептері жұмылдырылған. Қоғамдық көліктерде ғұламалардың афрозимдерін ілу шарасына 150-ге жуық оқушы қатысқан.

Ұлы ғұлама ғалымдардың пікірлерін бұқара халыққа насихаттауды көздейтін жоба келешекте де өз жалғасын таппақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.