Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбек қақтығысы күшейді

c 09:41, 21/05/2021 c 718

0:00 / 0:00

Қазақстанда өткен жылдан бері еңбек қақтығысы азаймай отыр. Биылғы жыл батыс өңірлеріндегі еңбек дауымен басталды. Жыл басынан бері 436 кәсіпорын тіркелді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов еңбек қақтығысын болдырмау, оны бақылап отыру үшін ахуалдық орталық ашылады дейді. Сондай-ақ, бас инспектор  2020 жылы еңбек қауіпсіздігін сақтамаған 207 лауазымды адам қызметінен босатылғанын айтты. 4 439 тексеру жүргізіліп, 7 260 бұзушылық анықталды. Оның ішінде еңбек қатынастары,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау,  халықты жұмыспен қамту бойынша.

Еңбек қақтығысы күшейіп тұр. Жұмысшылар өз құқығының сақталмайтынын, жалақының төмендігін, дер кезінде айлық төленбейтінін айтып жиі шағымданады. 2020 жылдың соңынан бастап, шикізат өндіретін кәсіпорындарда жұмысшылардың бас көтеру орын алды. Кейін кранды басқаратын машинистер, мектептің бас есепшілері, қоғамдық және жедел-жәрдем жүргізушілері , сондай-ақ жекеменшік зауыттар мен кәсіпорындардың жұмысшылары наразылық акциясын өткізді. Осылайша  жыл басынан бері елде еңбек дауына қатысты наразылықтар орын алды. Еңбек министрлігі еңбек қақтығысының көрсеткіші төмендемей отыр дейді.

Төлеген Оспанқұлов – ҚР ехәқм бас мемлекеттік инспекторы «Соңғы жылдары еңбек қақтығысының көрсеткіші төмендемей тұр. Осы жыл батыс өңірлеріндегі еңбек дауымен басталды. Президент әкімшілігі шұғыл түрде ахуалдық орталық құруды бұйырды. Осы орталық арқылы еңбек дауын бақылап, мәлімет жинайды. Жыл басынан бері 436 кәсіпорында еңбек қақтығысы тіркелді. Қазір 69 қалды. Қалғандарында мәселе шешілді. Қалған 69 кәсіпорында еңбек дауы қайта ушығу мүмкін деген сақтық бар ».

Мұнымен қоса, еңбек қауіпсіздігі де сақталмай отыр. Осыған орай 207 лауазымды адам  атқарып отырған қызметтерінен босатылды.Өткен жылы кәсіпорындарында орын алған қайғылы оқиғалардан 1 503 адам зардап шекті. 208 адам қайтыс болды. Осы жылдың 4 айында еліміздің кәсіпорындарында 462 адам зардап шегіп, оның 59-ы қаза тапты.

Оспанқұловтың мәліметінше,  тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындарында жарақаттану деңгейі жоғары болып отыр. Өткен жылы бұл салада 304, ал құрылыс саласында 175 адам жарақаттанған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.