Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Еңбегі еленгендер!

c 17:58, 11/04/2018 c 1354

0:00 / 0:00

Бүгін күзгі мезгілде қар ашып, арықтарды еріген судан тазартқан Жайық таза қала ЖШС қызметкерлері ерен еңбектері үшін марапатталды. Қала әкімі Мұрат Мұқаев облыс орталығында 300ден астам жұмысшының қызмет еткенін хабарлады. Қолдан келген көмектерін студентер мен еріктілер де, сарбаздар да аяған жоқ. 

Қала әкімі коммуналдық мекеме қызметкерлерінің қолын алды. Олар ауа райына, жұмыстың қиындығына қарамастан білек сыбана еңбек еткен жандар. Қыстың қаһарлы аязы да, дауыл мен жел де биыл бәрімізді біраз әбігерге түсіргені рас.

Қала әкімінің сөзінше, облыс орталығынан 270 мың кубометр қар шығарылып, 330 мың кубометр су сорылыпты. Бір апта бұрын ғана Орал қаласындағы жер үйлердің суға кету қаупі болған еді. Жемісті еңбектің арқасында қазір коммуналдықтар бұл қиындықты да жеңді.

Осылайша, ерен еңбегімен көзге түскен жұмысшылар алғыс хатқа ие болып, әкімнің қолынан марапат алды.

 

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.