Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДАДА  15 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

c 09:13, 26/08/2021 c 544

0:00 / 0:00

Биыл елордасы-Нұр-Сұлтанда 15 мектеп салынбақ. Шахар басшысы Алтай Көлгіновтің айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда екі есе, ал 2019 жылмен салыстырғанда төрт есе көп.  Бұл жайында астананың тамыз конференциясында айтылды.

Нұр-Сұлтан қаласында жалпы 133 мектеп бар болса, соның 4-і үш аусымда оқытады. Қала халқының саны артқан сайын, мектептерде орын тапшылығы орын алады. 1500 оқушы оқитын мектепте 3 мың бала оқытып жатқан білім ордалары жетерлік. Қала өскен сайын, жаңа мектептер құрылысы ауадай қажет. Әкім Көлгінов биыл 40 мың оқушыны қамтитын 15 мектеп бой көтереді деп хабарлады. Шаһар басшысының айтуынша, 2030 жылға қарай – Нұр-Сұлтанда 400 мыңға жуық оқушы болады деп болжанып отыр.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ – НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ - «Ішкі көші-қон есебінен және бала туу санының артуынан елордада халық саны көбейді.  Соңғы 10 жылда оқушылар саны 3  есеге артты. Жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын 1 сынып оқушыларының да саны өсті. Өткен жылы  7 мыңға жуық түлек мектеп бітірсе, жаңа жылда бірінші сыныпқа 21 мыңнан астам бала келеді».

Сондай-ақ, қалада жекеменшік және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша салынып жатқан мектептердің құрылысы жүріп жатыр.   Мұндай мектептер жеке қаражат есебінен салынуда. 2019-2020 жылдары 30 жеке меншік оқу орнының құрылысы қолдау тапты. Олардың бір бөлігі биыл пайдалануға беріледі.

АЛТАЙ КӨЛГІНОВ – НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ -«Қалада жеке инвестиция тарту арқылы да мектептер салынып жатыр. Бұл үш аусымды және бала саны тым көп мектептер проблемасын шешуге мүмкіндік береді»

Әкімдік  елордада мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасау үшін жыл сайын кемінде 10 мектеп салуды көздеп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.