Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ САЛАСЫНДАҒЫ ДЕЛДАЛДАР ЖОЙЫЛА МА?

c 00:29, 04/04 c 59

0:00 / 0:00

«Жылу энергетикасы туралы» дербес заң болмаған. Енді осы құжата ясында энергетика саласындағы қордаланып қалған мәселелер реттеледі деген үмітте депутаттар. Бұған дейін мәжілісмен Еділ Жаңбыршин үкіметке электр энергетикасы саласындағы делдал компаниялардың көзін жоюды талап еткенді. Кейбір делдал компаниялар жылына 1 миллиард теңге пайда тауып отыр дейді ол. Электр энергиясының тарифтерін негізсіз көтеріп отырған, ел аузында «ЭСО» деп аталып кеткен – энергиямен жабдықтаушы 120 ұйым бар. Бұлар реттелмейтін ұйымдар. Сол себепті де олар тарифті өздері белгілеп, ойына келгенін жасауда. Ұлттық оператор – КЕГОГ-тың мәліметі бойынша еліміздің тұтынушыларына жіберілетін электр энергияның 18 пайызы жүздеген тарифі реттелмейтін ЭСО-лар арқылы сатылып отыр. Яғни делдалдар арқылы миллиардтаған қаржы өтеді. Депутаттардың айтуынша, бұл компаниялар ешкімге есеп бермейді, тек делдалдық қызмет арқылы, кеңседегі азғантай ғана қызметкерлерімен, халықтың адал табысынан миллиардтап қаржы тауып отыр.Аталған ұйымдардың балансында бір метр электр желісі, тіпті электр бағаны мен трансформаторы жоқ. Мұның артында олигархтар тұрғаны сөзсіз дейді Жаңбыршин.

Заң жобасын талқылау барасында депутаттар Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтен электр энергиясының тарифтерін көтеретін жеке энергетикалық компаниялармен мәселені шешуді сұрады. Министр делдалдық қызмет атқарып отырған энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың лицензиясы тоқтатылады дейді. Бүгінде елде 155 энергиямен жабдықтаушы ұйым болса, соның 35-і ғана реттеледі. Қалғандары депутаттар айтқандай негізсіз тарифті көтеріп, пайдаға кенеліп жатыр.

АЛМАСАДАМ СӘТҚАЛИЕВ – ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ «Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысын тоқтатып, оларды электр энергиясы нарығынан шығару туралы мәселе көтерді. Әзірге реттелмейтін ЭСО ұйымдарының лицензиясын тоқату туралы шешім қабылданды. Бізде 155 осындай ұйым болса, соның 35 ғана реттеледі».

Депутат Жаңбыршин жоқ жерден миллиардтаған пайда тауып отырған мұндай делдал компаниялардың артында шылқыған байлардың тұрғанын айтқанымен, олардың атын атап, түсін түстемеді. Дегенмен бұл ұйымдардың жұмысын тоқтатуға кейбір үкімет мүшелері мен өзінің әріптестері арасында қарсылық білдіргендер барын айтады. Ал олардың жұмысын тоқтатуға Парламенттің қауқары жетеді деген сенімде.

Дегенмен, электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысын толық реттеу монополияға әкеп соғуы мүмкін деген пікір айтады сарапшылар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.