Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ҚАРУ РЕТІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУДА»

c 18:44, 08/06/2023 c 79

0:00 / 0:00

Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында сөйлеген сөзінде әлемде орын алып отырған геосаяси ахуалдың әсері жайында айтты. Айтулы жиынға Қатар Әмірі, Қырғызстан Президенті, Босния және Герцеговина Президиумының Төрағасы, Өзбекстан Премьер-министрі және Қазақстанмен әріптес елдердің үкімет мүшелері, дипломатия, бизнес және ғылыми топтардың өкілдері қатысты. Сондай-ақ , Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаған халықаралық институттардың өкілдері де осы форумда бой көрсетті.

Астана халықаралық форумы – бұл диалог алаңы. Айтулы жиында әлемде орын алған геосаяси ахуал, экономикалық дағдарысқа қатысты мәселелер талқыланды. Форумға жиналған қауым сын-қатерлер мен дағдарысты жою жолдарын, бейбітшілікті, прогресс пен ынтымақты жақтайтын дауыстарды күшейту мәселелерін сөзге тиек етті. Форум жұмысына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұрын-соңды болмаған геосаяси шиеленіс кезеңінде бізге мұндай қарым-қатынастар өте қажет. Жікке бөлінушілік күші тек геосаяси мәселемен шектеліп қалмайды, оның экономикалық астары да бар деді.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ « Экономикалық саясат қару ретінде ашық қолданылуда. Бұл қарама-қайшылықтар санкциялар мен сауда соғыстарын, мақсатты борышкерлік саясатты, қаржыландыру көздерінен шектеуді немесе жоюды, сондай-ақ инвестицияны бақылауды қамтиды.Еркін сауда, жаһандық инвестиция, инновация және адал бәсекелестік секілді факторлардың жиынтығы соңғы онжылдықтарда негізі қаланған әлемдік бейбітшілік пен дамудың іргетасын біртіндеп қирата бастады. Бұл, өз кезегінде, әлеуметтік толқуға, мемлекеттердің іштей бөлінуіне және олардың араларының шиеленісуіне алып келеді».

Қасым-Жомарт Тоқаев геосаяси қысымдар бір-бірімізді алшақтатып жатқанда біз бірігуге, ықпалдасуға, ынтымақтасуға, өзара қол ұшын созуға деген анық императивпен бетпе-бет келеміз. Бұл жердегі негізгі идея – осы деді. Сондай-ақ, қазақ басшысы геосаяси қиындықтарға қарамастан, шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасалатынын айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Шетелдік серіктестерімізде де осындай жауапкершілік сезім болады деп үміттенеміз. Бұл – біздің саясатымыздың негізгі қағидаттары. Өз кезегінде бұл еліміздің экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын шағын және орта кәсіпорындар үшін тең құқық пен мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Былтыр Қазақстан экспорты 40 пайызға артты. Дегенмен біздің жалпы ішкі өнімнің едәуір бөлігі бұрынғыша энергетикалық секторға тиесілі».

Шетелдік қонақтардың алдындағы сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев заң мен тәртіп басты ұстанымы екенін де айтып қалды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Ел ішінде әділдік, заң үстемдігі, теңдік және әділ сот төрелігі қағидаттарын енгізу үшін реформа жүргізуге бағытталған тиісті шараларды қолға аламыз. Заң мен тәртіпке негізделген менің ұстанымым – айқын. Бұл – «Жаңа Әділетті Қазақстанды» құрудың берік негізі.

Сондай-ақ, мемлеект басшысы қолданыстағы жүйені өзгертуді көздейтін жолымыз әлі біткен жоқ. Біз саяси реформалар мен адами капиталға инвестиция құю ортақ табыстың «қақпанынан» құтқарып, экономикамызды мейлінше тұрақты ететінін жақсы түсінеміз деді. Алайда Қазақстан таңдаған жолды абыроймен жүріп өту үшін барлық сын-қатерге дайын болу керек екенін де сөзге тиек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.