Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дін және журналистика

c 18:48, 05/07/2018 c 1022

0:00 / 0:00

«Исламшылдық исламға қайшы емес». Оралға арнайы келген тренер, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің хатшысы Ағабек Сыдықов осылай дейді. «Діни ақпарат таратудың тәсілдері мен мақала жазудың әдістері» тақырыбында өткен семинар барысында теріс діни ағымдар түсінігі мен діни ақпарат таратудың қандай ерекшеліктері, талаптары бар екендегі түсіндірілді. Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен оқыту-семинарына өңір аудандарынан келген тілшілер, өңірдегі басқарма филиалының және Орал-Ақтөбе епархиясының баспасөз хатшылары қатысты. Шараны тізгіндеген Ағабек Қонарбайұлы діни материалдар жариялаудың, әсіресе, терроризм мен экстремизм турасында ақпарат таратудың қыр-сырын жеткізді. Әсіресе, аяқталмаған тергеуге қатысты дәйектер жазу, ақпаратты тек ресми өкілдерден алу мен терроризм әрекетіне күдіктілерді сот шешімі шықпай жатып қылмыскер ретінде көрсетудегі шектеулер ақпарат берудегі ерекшелік болмақ. Кез келген ақпаратты таратушы адам өзінің қоғам алдындағы борышын түсінуі керек» дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз бөлімінің хатшысы Ағабек Қонарбайұлы. Себебі, экстримисттердің көксегені де қоғамда өткір материал соңынан еріп, айғай-шу, байбалам, қорқыныш сезімін тудыру. Семинар-тренингтен өткен тілшілер мен баспасөз хатшыларға арнайы сертификат табыс етілді.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.