Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Деркөл кент статусын алады

c 17:31, 28/01/2020 c 704

0:00 / 0:00

Деркөл шағынауданына кенттік округ статусын беру туралы тұрғындар көптен сұрап жүргені баршаға мәлім. Жыл басында қала әкімі тұрғындармен кездесу кезінде де осы мәселе көтерілген болатын.Деркөл елді -мекені Орал қаласының солтүстік -шығыс бөлігінде орналасқан.20  мыңнан астам халық тұратын  шағынауданның құрамына тоғыз елді -мекен кіреді.Соңғы бес жылда халық санының 27/8      пайызға  өскені байқалады.Сол себепті әкімшілік -аумақтық құрылымды өзгертудің кезі жеткен.Бүгінгі таңда бұл елді -мекен толық көгілдір отын желісімен қамтылып, орталықтандырылған сумен жабдықталған. Орал қаласымен қоғамдық көлік қатынасы жолға қойылған. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады.Сондықтан Деркөл кенттік округі құрамына осы аумақтағы Ливкино,Кардон,Өскен ,Маштакова ,Ветелки елді -мекендері енгізілетін болады.Сессияда сонымен бірге индустриялдық даму, , инфрақұрылым және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы мәселелері туралы тұрақты комиссиялардың есептері тыңдалды.Қалалық мәслихат депутаттары құрамына кіргізілген тұрақты комиссия мүшелері   шаһарды абаттандыру тұрғысындағы жұмыстарға  үнемі мониторинг жүргізіп келеді.Бүгінгі таңда облыс орталығында 386 көпқабатты үй аулалары бар болса, соның 313 -і жөндеуден өткізілген.Сессия барысында мүгедектерге  арналған үй құрылысы биылда жалғасатын  туралы мәлімдеме жасалды. Бүгінгі күні қаржы мәселесінің жетіспеушілігінен құрылыс жұмыстары тоқтап тұр.Атап өту керек,құрылысқа қосымша демеушілерден де қаржы қарастырылған.Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің мәлімдеуінше құрылыс жұмыстарын жандандыру жалғастырылатын болды. Өз кезектерінде депутаттарда ұсыныстарын білдірді. Сессияда сондай -ақ басқа да салалар бойынша тұрақты комиссиялар төрағаларының есебі тыңдалып, ұсыныс – пікірлері айтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.