Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ БАСТАЛДЫ

c 19:47, 20/01/2023 c 88

0:00 / 0:00

Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8-і ақпан күні аяқталады. Орталық сайлау комиссиясы бүгін осылай деп хабарлады. Айта кетеу керек, сайлаудан соң мәжіліс депуттарының саны қысқарып отыр. Енді мәжіліс 98 депутаттан тұратынын болады. 69 депутат партиялық тізімдер бойынша, ал 29 депутат бір мандаттық аумақтық округтер бойынша сайланады деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров. Бұл сайлауға қазынадан 33,4 млрд теңге жұмсалмақ.

Кеше ғана мәжіліс таратылып, сайлау күнін белгіленген еді. Біздің жедел ОСК бүгіннен бастап яғни 20-қаңтардан Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсынуды бастай берсеңдер болады деп отыр. Кандидаттарды ұсынау ақпан айының 8-і күні аяқталады. Осылайша деуптаттыққа кандидаттарды 20 күнде ұсынып үлгеру керек. Айта кету керек, сайлаудан соң мәжілістің сегізінші шақырылым депуттарының саны қысқарады. Себебі, олардың қатарынан Қазақстан Халқы Ассамблеясының депутаттары кетті. Енді мәжіліс 98 депутаттан тұратын болады.

Бұл аралас сайлау науқанында бірмандатты депутаттарға да жол беріліп отырғаны мәлім.

Осылайша Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланады. Кандидаттарға қойылатын талаптарға келсек. Парламент Мәжілісінің депутаттығына соңғы 10 жыл бойы Қазақстан аумағында тұратын, 25 жасқа толған азамат кандидат бола алады. Мәслихат депутаттығына 20 жасқа толған Қазақстан азаматы кандидат бола алады. Өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам және сыбайлас жемқорлыққа қатысты болып сотталған тұлға депутаттыққа кандидат бола алмайды. Еске сала кетейік, сайлаудан соң парламентке келетін саяси партиялардың саны артуы мүмкін. Партия мүшелерінің санына қатысты талап өзгерді. Енді партия құру үшін 20 мың мүше жинаудың қажеті жоқ. Ол шек 5 мыңға дейін қысқартылды. Бүгінгі күні елде 7 саяси партия тіркелген. Соңғы «Байтақ» мен Respublica партиялары жақында әділет министрлігінің тіркеуінен өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.