Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттық сапар

c 18:02, 06/01/2020 c 522

0:00 / 0:00

БҚО - на Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының жұмыс сапары басталды. Мәселен бүгін облыс орталығындағы бірнеше медициналық мекемелер жұмысымен танысқан Мұқаев Ербол және Төреғалиев Нариман  тұрғындармен кездесіп міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңын түсіндірді. Халық қалаулылары аталған бағыттағы жұмыстардың өңірде сәтті жүзеге асып жатқанын да жасырмады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев желтоқсан айының соңғы күндері бірнеше заңға қол қойды. Солардың бірі "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" заң болатын. Бұл заң жобасында Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейді. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін өздері төлейді. Солардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандар. Айта кеткен жөн әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Әлеуметтің осал тобы үшін емдеу орындарында жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен ақылы ғана көрсетілетін ем-дом түрлері енді тегін жасалатын болды. Бүгінде №5 қалалық емханада өз емделушілеріне «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» толыққанды ақпарат берілген. Халық қалаулылары емделушілермен жеке- жеке сөйлесіп жаңа заңның тиімділігін түсіндірді.5-ші қалалық емханаға 50 мыңнан аса оралдыққа медициналық қызмет көрсетеді. Депутаттар емдеу мекемесі толықтай жаңа заң бойынша жұмыс бастауға қауқарлы екенін айтты. Олардың алдағы сапарлары аудандарда жалғасатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.