Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ДАЙРАБАЕВ МАНДАТЫН ТАПСЫРМАЙДЫ

c 11:01, 10/04/2023 c 101

0:00 / 0:00

Ұлдары істі болып жатқан мәжіліс депутат Жигули Дайрабаев мандатын тапсырмайды. Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев тілшілердің сұрағына осындай жауап айтты. Айта кетейік, Тараз соты Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдарына қатысты алаяқтық туралы қылмыстық істі қарады. Депутаттық ұлдары Дидар Молдақалық және Марат Дайрабаев субсидия қағидаларын бұза отырып, «Альбион» құлпынай көшеттеріне мемлекеттен субсидия алған. Қаражаттың бір бөлігін мақсатсыз жұмсап, жеке қажетіне пайдаланған. Мемлекетке 550 миллион теңгеден шығын келтірілді. Дайрабаевтың екі ұлы шартты түрде 5 жылға сотталды. Қоғамда балалары сотты болып отырған депутат мандатын тапсыруы керек деген пікір айтылып жатыр. Бұл сұрақты Ауыл партиясы өкілдеріне қойған едік.

Депутат Жигули Дайрабаев бір жыл бұрын президенттік сайлауға түскен кезінде ұлдарының істі болып жатқаны жайында ақпарат шыққанды. Сол кезде Дайрабаев ұлдары ересек адамдар, уақыт көрсетеді, құқық қорғау органдырның жұмысына араласпаймыз дегенді. Енді міне Жигули Дайрабаев екі сайлауды басынан өткізіп, Мәжіліске депутат болып кіріскен осы еді, ұлдары мемлекет қаржысын мақсатсыз жұмсады деп, сотталып отыр. Тараз сотының хабарлауынша, Қылмыстық іс бойынша Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Ерлан Күлкеев, кәсіпкер Елжан Елібай және Дайрабаевтың ұлдары – Дидар Молдахалық пен Марат Дайрабаев айыпталды.Айыпталушылар "Альбион" құлпынай көшеттерін сатып алу үшін мемлекеттен субсидия алады. Алайда оның бір бөлігін жеке қажеттілігіне жұмсаған. Осылайша олар мемлекетке 550 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Сот төртеуін де алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тапты. Ерлан Күлкеев 6 жылға, Елжан Елібай 5 жылға бас бостандығынан айырылса, Дайрабаевтың екі ұлы шартты түрде 5 жылға сотталды.Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ. Баласы әсті болып жатқан депутаттың жоғары заң шығарушы органда отыруы қаншалықты дұрыс? Жигули Дайрабаев мандатын тапсыра ма? Тілшілердің алдына «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев шығып жауап берді. Ол Дайрабаев депутаттық мандатын тапсырмайтынын айтты.

Баққожаевтың айтуынша, әкесі баласы үшін жауапты емес.

Қоғамда қызу талқыланып жатқан бұл сұрақтарды мәжілісменнің өзіне қойғымыз келіп еді. Бірақ Дайрабаев телефонын көтермеді. Мәжіліс ғимаратынан іздеп таппадық. Жигули Дайрабаевты біз түгілі фракция басшысы да телефон соғып ала алмады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.