Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депо көпірінің құрылысы 75% аяқталды

c 17:23, 17/05/2018 c 1124

0:00 / 0:00

БҚО әкімі Алтай Көлгінов Орал қаласында атқарылып жатырған жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Биыл бірнеше компания сеніп тапсырылған істі мерзімінен ерте аяқтағалы отыр екен. Аймақ басшысы оларға бірінші кезекте жұмыстың сапасына мән беру қажетін қатаң ескертіп, қажет материалды жергілікті өндірушілерден алуға шақырды. Айта кетейік, қазіргі күні Депо ауданындағы көлік көпірінің құрылысы 75 пайызға аяқталып қалыпты. Маңызды нысан қашан қолданысқа беріледі?

Алдымен БҚО әкімі Алтай Сейдірұлы бастаған мамандар Алматы, Әбдіров көшелерінің бойындағы жол жөндеу жұмысымен танысты. Бұл нысанда жоспар бойынша жұмыс мерзімі 6-7 ай жүру тиіс-тұғын. Ал мердігерлер 1 айда жөндеуді тәмамдап үлгеріпті. Жұмыстың жедел атқарылуы-жақсы болғанымен істің сапасына қатысты талаптарға жүрдім-бардым қарамау керек. Билік өкілдері оны қатаң тексеруге бекініп отырғандарын баса айтты. Жұмыс тобы одан соң басты күре тамыр жолдардың бірі - маңызды нысан Депо көпіріне ат басын бұрды.

Былтыр наурыз айында басталған жұмыс 2 жылға жоспарланған. Алайда биыл күзге дейін нысанды тапсыру көзделіп отыр. Қазіргі күні барлық жұмыстың 75 пайызы аяқталып қалыпты. Тапсырысты орындаушыға жүктелген жауапкершілік жоғары. Бұған дейін сапасыз, ескі материал қолданады деген сыбыс тарағаны мәлім.

Егер материалды мердігер үнемдеуге тырысып немесе олқылықтар орын алса, көпірді қабылдамай қоямыз,-  деді Алтай Көлгінов.

Депо көпірінің ені бұрын 8 метр, екі жолақты ғана болса, енді 4 жолаққа дейін кеңейтіліп жатыр. Бұдан кейін Омега ауданындағы көпір жөндеуге жабылатын болады. Мәншүк Мәметова көшесі бойындағы жөндеу барысы да назардан тыс қалмады.

Жол жиектеріне қос қапталдан светодиодты, энергия көзін үнемдеуші шамдар орнатуға тапсырма берілді. Жолдағы жұмысқа 11 техника мен 50 шақты жұмысшы жұмылдырылған. Мердігерлер 1 айда жөндеуді аяқтаймыз деп отыр.

Аймақ басшысын құрылыста жергілікті емес, Ақтөбеден алынған материал пайдаланылып жатқанындығы алаңдаушылық білдірді. Себебі көп жағдайда мемлекеттік тапсырысты орындауға үлес қоса алатын өзіміздің өндірушілеріміздің өнімі тұтынылмай отырғаны жасырын емес.

Тағы бір маңызды жобалардың бірі - Әбубәкір Кердері көшесіндегі жылу магистральдарын жаңғырту. Қала орталығындағы 106 көп қабатты үйді жылумен қамтитын желілерді жаңалауға 1 млрд 300 мың қаражат бөлініп отыр. Мердігерлер 2 шақырымның үстіндегі құбырды алмастыруға кіріскен. Қазір жоспардың 45 пайызы орындалыпты.

Биыл қалада 50 көшенің 50 шақырым жолын жөндеу жоспарланған болатын. Бұл мақсатқа 7,5 млрд теңге бағытталды. Тұрғындар жасалып жатырған жұмыс сапасына қатысты айтар шағымдары мен ескертулері болса, инстаграмм желісіндегі Уральск акимат парақшасына жолдай алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.