Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕНІ САУДЫҢ - ЖАНЫ САУ

c 01:35, 27/09/2023 c 41

0:00 / 0:00

Денсаулық сақату министрлігі 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тиым салмақшы. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Министрдің пікірінше, балалар арасында темекі тартатындар, вейпті тұрақты шегетіндер, энергетикалық сусындарды тұтынатындар саны артқан. Үкіметте халық денсаулығына қатысты мәселе қаралғанды.

Дені саудың-жаны сау. Алайда, медициналық мекемелерге жанына шипа сұрап барғандардың бәрі бірдей қызмет сапасына риза болмайды. Халықтың медициналық көмекке қолжетімділігіне қатысты шағым көп дейді еліміздің бас дәрігері. Оның көбі Астана, Алматы қалаларына, Ақмола, Атырау облыстарына тиесілі. Сонымен қатар жыры бітпей қойған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де шиікілік көп. Бүгінде ел халқының 3,3 млн сақтандырылмаған күйінде қалып отыр. Яғни осынша адам тегін қызметтен қағылып отыр. Медициналық кадрлар тапшылығы әлі жойылмаған. Бұл көрсеткіш Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында басым. Елдегі 200 ауылда медициналық мекеме мүлдем жоқ. Яғни осынша ауылдың халық ауырып қалған жағдайда дәрігерге жүгіне алмайды. Мұны бас дәрігер Ажар Ғинияттың өзі мойындап отыр.

Тағы бір проблема- балалар арасында зиянды әдеттерге әуес болу өршіп барады. Елімізде ересек тұрғындардың 21 пайызы темекі тартады, балалардың 20 пайызында артық дене салмағы бар, соның ішінде 6 пайызы семіздіктен зардап шегеді. 11-15 жастағы жасөспірімдердің 10 пайызы вейпты тұрақты түрде шегеді. Энергетикалық және тәтті сусындарды ішуі - 17,5 пайызды құрап отыр. Министрлік 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындар сатуға тиым салмақшы. Бұл мәжілісте жатқан денсаулық сақтау саласына қатысты заң жобасында қарастырылған.

Министр денсаулық сақтау саласында ауруды ерте анықтау үшін медицина қызметкерлерін ақшалай ынталандыру пилоттық жобасы басталғанны мәлімдеді. Мысалы, учаскелік дәрігер онкологиялық аурудың, сондай-ақ туберкулездің әрбір ерте анықталған жағдайы үшін 5 АЕК (17 250 теңге) мөлшерінде бонус ала алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.