Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерлер шеберліктерін шыңдады

c 17:56, 21/06/2021 c 675

0:00 / 0:00

Қазір өңір дәрігерлері түрлі күрделі оталарды жасауға қауқарлы. Науқастар шетел аспай-ақ, өзімізде-ақ емделе алады. Ол үшін барлық жағдай жасалып келеді. Мәселен, біраз уақыттан бері емдеу ісінде жаңа жобалар қолға алынып, нәтиже беруде. Қалалық ауруханада шеберлік сағатын өткізген Елорда мен Алматы қалаларының дәрігерлері "CEREBRA" серпінді жобасын таныстырды. Алматы жасанды интеллект зертханасы ишемиялық инсультті ерте анықтау үшін "CEREBRA" жобасында жасанды интеллекті пайдаланады. Инсультті медикаментозды емдеудің терапевттік уақыты 4,5 сағатты құрайды, осы уақыт аралығында диагнозды дұрыс қойып, емдеу түрін таңдау қажет. Мәселен, науқастың бас ми бөлігінде тамырлардың байланауы немесе өзге де қатерлі ісіктер болса, дәрігерлерге 10 минут ішінде нақты диагнозы көрсетіліп, емдеу шараларын уақыт өткізбей бастауға мүмкіндік береді. Жаңа жоба аясында енді жергілікті жерде де ем шара жүргізілмек.Көбінесе инсульттің даму сатысын анықтау үшін компьютерлік томография қолданылады. Алайда оның нәтижесін шамамен 3-4 сағат күтуге тура келеді. Ал жасанды интеллект оны 10 минутта жасай алады. Дүние жүзінде оның ішінде елімізде мыңдаған адам өмірмен қоштасады. Сол себепті бұл жоба медицинада жетістіктерге бастайтын қадам болары сөзсіз. Қалалық көпбейінді ауруханада Елордалық және Алматылық мамандардан кеңес алған жергілікті дәрігерлер бірнеше отаны сәтті жасап, өзара тәжірибе алмасты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.